«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен KAZENERGY Қауымдастығы «Қалам қуаты» атты 3 -ші республикалық журналистік шеберлік байқауын жариялайды

14 шілде 2011

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен KAZENERGY Қауымдастығы қазақстандық журналистердің шығармашылық белсенділігін арттыруды көздейтін «Қалам қуаты» атты 3 -ші республикалық журналистік шеберлік байқауын жариялайды.

Байқаудың негізгі мақсаты ҚР мұнай-газ саласының жетістіктеріне жұртшылықтың назарын аудару, Қазақстан мұнай-газ саласы компанияларының ақпараттың ашықтығы бойынша қызығушылығын арттыру, мұнай-газ тақырыбында қалам тербейтін еліміздің БАҚ арасында адал достық бәсекелестікті қолдау, сонымен қатар бірыңғай медиа кеңістігі үлгісін жасау болып табылады.

Байқауға республикалық, облыстық және қалалық, аудандық газеттердің редакция ұжымдары, телерадиокомпаниялар, аймақтық және республикалық БАҚ жұмыс істейтін жеке ізденушілер — журналистер, (штаттағы және штаттан тыс қызметкерлер), сонымен қатар материалдары жарық көрген не болмаса  теле және радиохабарларында пайдаланылған басқа да авторлар қатыса алады.

Биыл «Қалам қуаты» мына номинациялар бойынша өткізіледі:

  • Гран-при;
  • республикалық телеарнада эфирге шыққан мұнай-газ тақырыбындағы үздік ТВ бағдарлама/ арнайы репортаж;
  • үздік фоторепортаж;
  • үздік радиобағдарлама;
  • республикалық БАҚ жарық көрген үздік материал;
  • аймақтық баспа БАҚ қазақ тілінде жарық көрген үздік материал;
  • аймақтық баспа БАҚ орыс тілінде жарық көрген үздік материал;
  • үздік студенттік жұмыс;
  • үздік блоггер;
  • мұнай-газ саласы тарихы туралы үздік материал;

Байқауға жаңа номинациялар енгізу мұнай-газ тақырыбында қалам тербейтін журналистер арасында new-media (блоггинг, мобильді журналистика) прогрессивті түрлерін таратуға, сонымен қатар БАҚ-ындағы жас мамандардың мұнай-газ тақырыбында материалдар жазуына мүмкіндік береді.

Конкурсқа 2011 жылдың қаңтар айының 1 жұлдызынан 2011 жылдың тамыз айының 20 жұлдызына дейін газеттерде және басқа да тіркелген БАҚ, сондай-ақ Интернет БАҚ жарық көрген, теле-радиода эфирге шыққан материалдар қабылданады. Өтінімдер 2011 жылдың 25 тамызына дейін қабылданады.

Байқау туралы толығырақ ақпарат пен оған қатысудың шарттары жайлы www.kmg.kz және  www.kazenergy.com сайттарынан оқи аласыздар.

Қосымша ақпаратты алу үшін мына қызметкерлерге хабарласуға болады:

Жұлдыз Жұмаділова
Тел: 8 (7172) 79 01 99
e-mail: zhuldyz@kazenergy.com

Салтанат Хұсайынова
Тел.: 8 (7172) 97 63 38
E-mail: s.hussainova@kmg.kz

 

Байқау жөнінде ереже
.doc форматында жүктеп алу, 61 КБ

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою