«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бос лауазымдық орындарға орналасуға конкурс жариялайды

14 шілде 2010

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бос лауазымдық орындарға орналасуға конкурс жариялайды 

ТШО жобасын басқару департаментінің жабдықты сатып алуға арналған келісім-шарттар жөніндегі   1-санаттағы мереджері

 
Біліктілік талаптары:

  • Жоғары экономикалық немесе техникалық білімі 
  • Жалпы еңбек өтілі кемінде 7 жыл, оның ішінде кәсіби саладағы өтілі кем дегенде 7 жыл 
  • ҚМГ компаниялар тобындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл 

Қажетті білімдері мен дағдылары:

  • ҚР жер қойнауын пайдалану, мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық үлес мәселелерін реттейтін заңнамасын білу;
  • мұнай-газ жобаларының менеджменті, экономика және қаржы, жобаларды ұйымдастыру, жоспарлау және басқару саласындағы  білімі;
  • Microsoft Office бағдарламалары пакетімен жұмыс істеу дағдылары;
  • аналитикалық, жүйелі және статистикалық  талдау жүргізу дағдылары;
  • Келіссөздер жүргізу, аналитикалық анықтамалар, баяндамалар дайындау дағдылары.

Жұмыс сипаттамасы:

  • Департаменттің басшылығына ұсынымдар дайындау мақсатында жабдықты сатып алу бойынша ТШО келісім-шарттарын талдау, жабдықты сатып алу бойынша өткізілетін тендерлердің бәсекеге қабілеттігін сақтау және арттыру бойынша жағдайды қамтамасыз ету мониторингі;
  •  қазақстандық жеткізушілер мүдделерінің сақталуын және тендерлік процестердің сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін жабдықты жеткізу бойынша келісім-шарттарды әзірлеу және беру процесінде ТШО келісім-шарттық топтарының жұмысына қатысу;
  • Шетелдік жеткізушілерді қазақстандық жеткізушілермен алмастырудың ықтимал салаларын анықтау мақсатында жабдық жеткізушілер бойынша ТШО жеткізушілерін талдау;
  •  Келісім-шарттарды әзірлеу және беру процестері мониторингі;
  • Жабдық жеткізу бойынша ҚМГ жеткізушілерін және басқа да қазақстандық жеткізушілерді ТШО жобасындағы қазақстандық үлесті ұлғайту мақсатында ТШО жеткізушілері тізбесіне қосу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  •  «даналап және аз серияда орындалған жабдық, ірі кен орындарына арналған жабдық» бағыты бойынша ҚМГ тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін сатып алудың жалпы көлеміндегі қазақстандық үлесті ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын болашақта осы секілді бағдарламаларды іске асыруға  жәрдем көрсету;
  •  ҚМГ басшылығына және басқа да құрылымдық бөлімшелерінің сұрауы бойынша есептер беру үшін кейіннен деректерді талдау және өңдеу мақсатында ТШО жабдығын жеткізушілер бойынша дерекқорын жүргізу;

 

Жұмыс орны: Астана қ., ҚР бойынша кезеңдік іссапарлар

Түйіндемені 20101 жылдың 1 тамызына дейін hrd@kmg.kz электрондық адресіне («ТШОЖБД» деген белгімен) жіберуге болады.


ТШО жобасын басқару департаментінің ұңғыманы бұрғылау және күрделі жөнідеу жөніндегі   1-санаттағы мереджері

 
Біліктілік талаптары:

  • Жоғары техникалық білімі, жобаларды басқару, бағалау және іске асыру саласындағы сертификатының болғаны жөн.
  • Жалпы еңбек өтілі кемінде 7 жыл, оның ішінде кәсіби саладағы өтілі кем дегенде 7 жыл 
  • ҚМГ компаниялар тобындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл 

Қажетті білімдері мен дағдылары:

  • ҚР жер қойнауын пайдалану, мұнай, газ ұңғымаларын салу және мұнай өңдеу технологиясы  мәселелерін реттейтін заңнамасын білу;
  • Жобаны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару саласындағы білімі
  • Microsoft Office бағдарламалары пакетімен жұмыс істеу дағдылары;
  • аналитикалық, жүйелі және статистикалық  талдау жүргізу дағдылары;
  • Келіссөздер жүргізу, аналитикалық анықтамалар, баяндамалар дайындау дағдылары.

Жұмыстың сипаттамасы:

  • кен орнын игерудің технологиялық жоспарларын талдау және мониторингі; 
  • ұңғымаларды бұрғылау және ұңғымаларды күрделі жөндеудің ұсынылатын нұсқаларына мониторинг жүргізу  және талдау, ҚР нормативтік-құқықтық құжаттарын сақтау; 
  • ұңғымалардың қолданылатын конструкцияларын, олардың жер қойнауын қорғау талаптарына, технологиялық игеру сызбасының талаптарына, ұңғымаларды салу жобаларына сәйкестігін талдау, ұңғымаларды салу кезінде қиындықтардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бақылау; 
  • жылдық және индикативтік жоспарларды және жаңа ұңғымаларды бұрғылау және ұңғымаларды күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу; 
  • бұрғылау қондырғыларын пайдалану, ұңғымаларды жөндеу және салу жөнінде шешім қабылдау мәселелері бойынша ТШО жұмыс бағдарламаларын, бюджеттерін және есептерін сараптау және келісу;  
  • ұңғымаларды салу кезінде қызметтер көрсету бойынша мердігерлік компаниялардың жұмысына мониторинг жүргізу, қазақстандық тауарлар мен қызметтер бойынша міндеттемелердің, негізгі келісім-шарттық талаптардың орындалуын бақылау, ұсыныстар мен ұсынымдар, аналитикалық анықтама дайындау.

 

Жұмыс орны: Астана қ., ҚР бойынша кезеңдік іссапарлар

Түйіндемені 20101 жылдың 1 тамызына дейін hrd@kmg.kz электрондық адресіне («ТШОЖБД» деген белгімен) жіберуге болады.


ТШО жобасын басқару департаментінің шикі газды айдау, өндіруді қарқындату мониторингі жөніндегі  1-санаттағы мереджері

 
Біліктілік талаптары:

  • Жоғары техникалық білімі, жобалары басқару, бағалау және іске асыру саласындағы сертификатының болғаны жөн.
  • Жалпы еңбек өтілі кемінде 7 жыл, оның ішінде кәсіби саладағы өтілі кем дегенде 7 жыл 
  • ҚМГ компаниялар тобындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл 

Қажетті білімдері мен дағдылары:

  • ҚР жер қойнауын пайдалану  мәселелерін реттейтін заңнамасын білу;
  • Геология, геофизика және бұрғылау саласындағы білімі; құрылыс нормалары мен ережелерін білу;  
  • Жобаларды ұйымдастыру, жоспарлау және басқару саласындағы білімі;
  • Microsoft Office бағдарламалары пакетімен жұмыс істеу дағдылары;
  • аналитикалық, жүйелі және статистикалық  талдау жүргізу дағдылары;
  • Келіссөздер жүргізу, аналитикалық анықтамалар, баяндамалар дайындау дағдылары.

Жұмыс сипаттамасы:

  • ТШО Теңіз кен орнының тәжірибелік учаскесіндегі шикі газды айдаудың ағымдағы жай-күйін талдау және мониторингі, осы мәселелер жөнінде ұсыныстар дайындау;
  • шикі газды айдау жобалары бойынша геоақпараттық, техникалық-экономикалық дерекқор жасау, өнім қабаттарға әсер ету әдістерін бағалау; 
  • Икемді НКТ қондырғысын пайдаланып, тұз-қышқылды жуу және кенжар аймағын өңдеу арқылы қарқындату бойынша іс-шаралар тиімділігін талдау және мониторингі;  
  • ШГА зерттеу бағдарламаларын әзірлеу кезінде, жұмыс тиімділігін арттыру және  өндіру және айдау ұңғымалар жұмысының  жөндеу аралығы кезеңін қысқарту жөнінде   ұсынымдар әзірлеуге қатысу, кен орындарын игеру және пайдаланудың бекітілген режимін бақылау;
  • мұнай иірімінің әртүрлі учаскелерінің фильтрациялық сипаттамасын нақтылау және осы деректер бойынша кен орнының гидродинамикалық компьютерлік моделін нақтылау үшін гидродинамикалық, геофизикалық және лабораториялық зерттеулердің барлық түрлерінің нәтижелерін зерделеу;   
  •  геологиялық-геофизикалық деректерді егжей-тегжейлі талдау және иірімдерді модельдей үшін деректерді жинау және беру;

 

Жұмыс орны: Астана қ., ҚР бойынша кезеңдік іссапарлар

Түйіндемені 20101 жылдың 1 тамызына дейін hrd@kmg.kz электрондық адресіне («ТШОЖБД» деген белгімен) жіберуге болады.


ТШО жобасын басқару департаментінің болашақ кеңейту жобасының  (БКЖ) шикі газды айдау (шга) және қысымды арттыру (қа) объектілерін басқару жөніндегі  1-санаттағы мереджері

 
Біліктілік талаптары:

  • Жоғары техникалық білімі, жобалары басқару, бағалау және іске асыру саласындағы сертификатының болғаны жөн.
  • Жалпы еңбек өтілі кемінде 7 жыл, оның ішінде кәсіби саладағы өтілі кем дегенде 7 жыл 
  • ҚМГ компаниялар тобындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл 

Қажетті білімдері мен дағдылары:

  • ҚР жер қойнауын пайдалану  мәселелерін реттейтін заңнамасын білу;
  • Жобаларды ұйымдастыру, жоспарлау және басқару саласындағы білімі;
  • Microsoft Office бағдарламалары пакетімен жұмыс істеу дағдылары;
  • аналитикалық, жүйелі және статистикалық  талдау жүргізу дағдылары;
  • Келіссөздер жүргізу, аналитикалық анықтамалар, баяндамалар дайындау дағдылары.

Жұмыс сипаттамасы:

  • Ол бойынша стратегиялық шешімдер қабылдау жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін ШГА және ҚА бөлігінде БКЖ фазалық ауысу кезінде жобалық шешімдер пакетін талдау;  
  • ШГА және ҚА объектілері бойынша БКЖ ұсынылған шешімдерінің техникалық-экономикалық сараптамасын әзірлеуге, талдауға және жүргізуге қатысу; 
  • ШГА және ҚА объектілері үшін ұсынылатын процестер мен жабдықтың құрылыс технологиясын талдау және бағалау; коллектордың өнімділігіне ұсынылатын технологиялардың әртүрлі нұсқаларының әсерін талдау және бағалау;
  • ШГА және ҚА объектілері бөлігінде жобаның сметалық құны мен іске асыру кестесі мәселелерін үйлестіру;   
  • ШГА және ҚА объектілері бойынша шығыстардың артық болу тәуекелін анықтау және жобалық көрсеткіштерге қол жеткізу жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында БКЖ шығындары бюджетінің орындалу және талдау мониторингі; 
  • БКЖ  ШГА және ҚА объектілері бойынша ТШО сұрау салуларын тіркеу және орындалуын бақылау; осы сұрауларды талдау және бекіту жөніндегі қажетті шараларды жүргізу.  

 

Жұмыс орны: Астана қ., ҚР бойынша кезеңдік іссапарлар

Түйіндемені 20101 жылдың 1 тамызына дейін hrd@kmg.kz электрондық адресіне («ТШОЖБД» деген белгімен) жіберуге болады.


ТШО жобасын басқару департаментінің кешенді технологиялық желілер (КТЖ), шикі газды айдау (ШГА) және екінші буын зауыты (ЕБЗ) объектілерінің сенімділігі бағдарламалары жөніндегі  1-санаттағы мереджері

 
Біліктілік талаптары:

  • Жоғары техникалық білімі, жобалары басқару, бағалау және іске асыру саласындағы сертификатының болғаны жөн.
  • Жалпы еңбек өтілі кемінде 7 жыл, оның ішінде кәсіби саладағы өтілі кем дегенде 7 жыл 
  • ҚМГ компаниялар тобындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл 

Қажетті білімдері мен дағдылары:

  • ҚР жер қойнауын пайдалану  мәселелерін реттейтін заңнамасын білу;
  • Жобаларды ұйымдастыру, жоспарлау және басқару саласындағы білімі;
  • Microsoft Office бағдарламалары пакетімен жұмыс істеу дағдылары;
  •  Келіссөздер жүргізу, аналитикалық анықтамалар, баяндамалар дайындау дағдылары.

Жұмыс сипаттамасы:

  • қазіргі бар өндірістің (ЕБЖ, ШГА, КТЖ, 5 тармақ) сенімділігі бойынша бағдарламалар шеңберінде бастамашылық етілетін жобалардың ұтымдылығы мен мақсаттылығын талдау, олар бойынша стратегиялық шешімдер қабылдау бойынша ұсынымдар дайындау үшін бағдарламалар жобаларының фазалық ауысуы кезінде шешімдер пакеттерін талдау; «Зауыттың қазіргі бар объектілері» санаты бойынша шығарылатын шешімдер жобаларының мониторингі;  
  • сенімділік бойынша бағдарламалар шеңберінде жобалардың жылдық бюджеттерін қараған кезде ҚМГ ұстанымын дайындау; қазіргі бар өндіріс объектілері бойынша жылдық бюджетті, жұмыс бағдарламасын талдау және техникалық-экономикалық бағалау жүргізу; 
  • сенімділік бағдарламасы шеңберінде ТШО жобаларының орындалу мониторингі, оның ішінде: жобалық көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында ТШО күрделі шығындарының бюджетінің орындау және талдау; 
  • сенімділік бойынша бағдарламалардың ай сайынғы есептерін талдау, қазіргі бар өндіріс объектілері бойынша бюджетті орындау және артық жұмсау кестесінің артта қалушылығының әсерін анықтау;
  • бюджеттер (BIS)  мен кестелер сенімділігі мен жинақтығын  арттыру үшін енгізілетін бағдарламалар тиімділігін талдау.

Жұмыс орны: Астана қ., ҚР бойынша кезеңдік іссапарлар

Түйіндемені 20101 жылдың 1 тамызына дейін hrd@kmg.kz электрондық адресіне («ТШОЖБД» деген белгімен) жіберуге болады.


ТШО жобасын басқару департаментінің қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі  1-санаттағы мереджері

 
Біліктілік талаптары:

  • Жоғары техникалық білімі, «Адамдарды және қоршаған ортаны қорғау» сертификатының болғаны жөн.
  • Жалпы еңбек өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде кәсіби саладағы өтілі кем дегенде 5 жыл 
  • ҚМГ компаниялар тобындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл 

Қажетті білімдері мен дағдылары:

  • ҚР жер қойнауын пайдалану  мәселелерін реттейтін заңнамасын білу;
  • Жобаларды ұйымдастыру, жоспарлау және басқару саласындағы білімі;
  • Microsoft Office бағдарламалары пакетімен жұмыс істеу дағдылары;
  •  Келіссөздер жүргізу, аналитикалық анықтамалар, баяндамалар дайындау дағдылары.

Жұмыс сипаттамасы:

  • ТШО қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу мониторингі; 
  • Инвестициялық саясатты табысты іске асыру мақсатында ҚМГ басшылығына департамент директорының келісімі бойынша қазіргі бар өндіріс технологиясын, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, ТШО-дағы экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • ТШО басшылығына қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында ТШО консультациялық комитеттерінің отырыстарына қатысу; 
  • ТШО қоршаған ортаны қорғау және негізгі өндіріс қауіпсіздігі мәселелері бойынша ТШО-мен өзара іс-қимыл жасасу, 

Жұмыс орны: Астана қ., ҚР бойынша кезеңдік іссапарлар

Түйіндемені 20101 жылдың 1 тамызына дейін hrd@kmg.kz электрондық адресіне («ТШОЖБД» деген белгімен) жіберуге болады.

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою