«Адам ресурстарын басқару: өткенге қорытынды мен келешек перспективалары» конференциясы

18 қаңтар 2010

2010 ЖЫЛДЫҢ 18-19 АҚПАНЫНДА «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қамқорлығымен V халықаралық «Адам ресурстарын басқару: өткенге қорытынды мен келешек перспективалары» конференциясы өтеді.

Конференция өткізілетін орын:

Астана қ., Сарыарқа даңғылы, 4, RADISSON SAS HOTEL ASTANA

Конференцияның мақсаты:

  •  Қазақстанда, ТМД мемлекеттерінде, бүкіл әлемде 1999-2010 жылдар аралығында адам ресурстарын басқару саласындағы жасалған жұмыстарға қорытынды;
  • Адам ресурстарын басқару аясындағы дамудың беталысын талдау;
  • Саланың болашақта ары қарай даму бағыттарын анықтау және тәжірибе, идея алмасу.

Конференция аудиториясы. Конференция кімді қызықтырады және неге?

Осы конференция көптеген қатысушыларға, компанияның қатардағы HR-мамандары мен топ менеджерлеріне, адам ресурстарын тиімді басқаруға мүдделілерге, сонымен қатар сарапшыларға, консалтинг саласында қызмет атқаратындарға қызықты болады.

Барлық баяндамаларды ортақтандыратын ой (идея)

«Тәжірибелік және қолданбалы HR-тәжірибе, мақсаттар мен міндеттерге жету үшін керек». Әрбір нақты жағдайда конференцияда көрсетілетін тәжірибе барлық қатысушылар мен  әр қатысушыға бірегей және қызықты болады.

Конференция қандай тақырыптарды қозғайды?

Конференцияда адам ресурстарын басқарудағы өзекті мәселелер мен сұрақтар және  басшылар мен HR-менеджерлерге кездесетін күнделікті жағдайлар қозғалады. Қатысушылар өткен жылдардағы өз жұмыстарының нәтижелерімен, жетістіктерімен және өз ойларымен бөлісе алады. Конференцияда «Көшбасшылық – еуразиялық стиль», «Қазақстанда,ТМД және әлемде, келесі 10 жылда адам ресурстарын басқару саласындағы бет алыстар», «2009 жылы қызметкерлерге деген шығынды азайту. Негізгі қорытындылар» және тағы басқа ізденіс жобалары ұсынылатын болады.

Секциялық сөз сөйлеулердің тақырыптары:

  • Жаңа экономикалық шындық және қадрлық қызметтің рөлі;
  • HR-бизнес-стратегиялар;
  • Өзгерістерді басқару: HR өзгерістерді қабылдайтын ортаны құрудағы рөлі;
  • Оқыту, бағалау жүйесі және қызметкерлерге жағдай жасау;
  • Дарындарды басқару: жетістіктер стратегиясы;
  • Корпоративтік университеттер. Қызметкерді әлемдік деңгейдегі маманға қалай жеткізуге болады?!
  • Кәсіптік стандарттар. Өткен жұмысты қорытындылау және болашаққа жоспар;
  • HR-бюджет. Адам ресурстарын басқарудағы шығындарды жоспарлау;
  • HR-процесстер мен қызметкерлер аутсорсингі;
  •  HR-мамандарды сертификаттау.

Спикерлер

  • Қазақстанның, алыс жақын шетелдердің даму институттары мен ірі ұлттық компаниялардың басшылары;
  • Бизнестің әр түрлі саласындағы HR-тәжірибешілер,  компания менеджерлері;
  • Адам ресурстарын басқару саласындағы теориялар мен тәжірибелердің әлемдік көсемдері.

«Ең үздік HR-жоба» конкурсы

Конференция аясында  «Ең үздік HR-жоба» конкурсы өткізіледі. Конкурстың мақсаты – қызметкерлерді басқару саласында соңғы 5 жыл ішінде Қазақстанда жүзеге асқан жобалардың ішінен тиімдісін анықтау. Конкурс қызмет берушілерді мақсатты түрде кадрлық саясатты жүргізуге назар аудартуға, алдыңғы қатарлы қазақстандық тәжірибені іске асыруға арналған.

HR-құралдарының көрмесі

Конференцияда HR-құралдарының көрмесі ұйымдастырылатын болады, онда сіздер бағалау, оқыту, даму, рекрутинг, бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы алдыңғы қатарлы компаниялардың өнімдері және қызметімен таныса аласыздар, сонымен қатар HR саласындағы арнайы әдебиеттерді сату көрмесі де өтеді.

Конференцияны Ұйымдастыру комитеті — «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті

Байланысу :

Спикерлер бойынша

    1. Гульмира Раисова, тел./факс: +7 7172 975757, Е-mail: raisova@ecrp.kz  

Қатысушылар бойынша

    1. Салтанат Риаханова, тел.: +7 7172 975762, 975753, Е-mail: riakhanova@ecrp.kz
    2. Ашимбек Абильгазинов, тел.: +7 7172 975764, Е-mail: abilgazinov@ecrp.kz
    3. Факс: +7 7172 975751

«Ең үздік HR-жоба» конкурсы бойынша

    1. Салтанат Риаханова, тел.: +7 7172 975762, 975753, Е-mail: riakhanova@ecrp.kz 

HR- құралдарының көрмесі бойынша

    1. Гульмира Аяпбергенова, тел. +7 7172 975764, Е-mail: ayapbergenova@ecrp.kz

Медиа-серіктестер бойынша

    1. Акмарал Кадырбаева, тел.: +7 7172 975759, Е-mail: a.kadyrbaeva@ecrp.kz
    2. Факс: +7 7172 975751

Демеушілер мен серіктестер бойынша

    1. Жанар Байжуманова, тел.: +7 7172 975755, Е-mail: baizhumanova@ecrp.kz  
    2. Факс: +7 7172 975757

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою