2005 жылдың 14 желтоқсанында Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан «Жемчужиналар» келісім шарт жер телімі бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен «Оман Перлз Компани Лимитед» Компаниясы мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы АҚ арасында Өнімді бөлу туралы Келісімге қол қойылды. Келісім бойынша үлестер қатынасы төмендегідей: «Оман Перлз Компани Лимитед» — 75%; «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — 25%.
2005 жылдың 28 желтоқсанында Өнімді бөлу туралы Келісімге «Оман Перлз Компани Лимитед» ӨБК 55% үлесі «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед» өтетіндігі туралы қосымша жасалды.
2006 жылдың 08 қыркүйегінде «Жемчужиналар» келісім шарт жер телімі бойынша Өнімді бөлу туралы Келісімінде көрсетілген «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құқықтары толығымен «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ берілді.
2007 жылдың 08 қаңтарында Нидерланды Корольдігінде «Каспий Меруерті Оперейтинг Компании Б. В.» Бірлескен операциялық компаниясы тіркелді. БОК жарғылық капиталында Тараптар үлестері төмендегідей: «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ — 40%, «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед» — 40%, «Оман Перлз Компани Лимитед» — 20%.
2007 жылдың 11 сәуірінде Ақтау қаласындағы Маңғыстау Облыстық Әділет Басқармасында «Каспий Меруерті Оперейтинг Компании Б. В.» бөлімі тіркелді
Жобадағы ҚМТ үлесін қаржыландыруды серіктестер - «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед»; «Оман Перлз Компани Лимитед» жүзеге асырады.
Әлеуметтік жобаларды қаржыландыру: жылдық бюджеттің 1% кем емес, немесе жылына 500 мың АҚШ доларынан кем емес және осы көрсетілген сомалардың басымдырағы осы бағытта пайдалынылады.