Құрманғазы

Жобаны жүзеге асыру төменде көрсетілген құжаттарға сай жүргізілуде:

  • 2005 жылдың 6 маусымында қол қойылған №1787 Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі (Құзыретті орган) мен Теңіз мұнай компаниясы «ҚазМұнайТеңіз» АҚ және «РН – Қазақстан» ЖШҚ (Мердігерлік компания) арасында Өнімді бөлу туралы Келісім (ары қарай ӨБК)
  • 2006 жылдың 2 қарашасында жасалынған «ӨБКге өзгерістер енгізу туралы» №1 қосымша;
  • «Барлау мерзімінің жұмыс бағдарламасы» (ӨБК, 2 қосымша);
  • 2005 жылдың 6 шілдесінде қол қойылған Теңіз мұнай компаниясы «ҚазМұнайТеңіз» АҚ және «РН – Қазақстан» ЖШҚ арасында Каспий теңізінде орналасқан «Құрманғазы құрылымын бірлесіп игеру туралы Келісім (ары қарай-БҚЖ);

Жоба бойынша теңіз мұнай операцияларын «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ 100% қазақстандық еншілес компаниясы болып табылатын Ақтау қаласында (Маңғыстау облысы) тіркелген «Кұрманғазы Петролеум» ЖШС жүзеге асырады. 

Жобаны «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ мен «РН – Қазақстан» ЖШҚ Мердігерлік компаниялары 50%  көлемде қаржыландыруда.

Жоба бойынша 2005- 2009 жылдар аралығында төменде көрсетілген жұмыстар орындалды:

  • Құрылымның орталық бөлігінде орналасқан тереңдігі 2002м. Құрманғазы -1 барлау ұңғымасы құрылысы;
  • Жалпы алғанда 2752 қ. км. көлемде 2Д сейсмикалық барлау жұмыстары;
  • Ауқымы 1000 қ.км. ЭДНӘ электрбарлау жұмыстарын жүргізу; мәліметтерді талдау және жинақтап қорыту;
  • Жалпы алғанда 5700 қ.км ауқымда дәлділігі жоғары гравиметрикалық және магнитометрикалық зерттеулерді 1:100000 масштабта жүргізу ;
  • Құрманғазы құрылымының солтүстік бөлігінінің дөңдеу аймағындағы тереңдігі 1600 м. Құрманғазы-2  барлау ұңғымасы құрылысы;
  • Геолого-геофизикалық мәліметтер жан-жақты талданып, палеозой және мезозой кешендері бойынша 13 құрылым табылды. Аймақтың геологиялық ресурстары тұрғысынан бағалау жүргізілді.

2010 жылғы жұмыстар сипаттамасы мен 2011-2013 жылдарға арналған жоспарлар  

  • 2Д сейсмикалық барлау мен геохимиялық жұмыстар қорытындыларын өңдеу мен талдау. Юр кезеңіне дейінгі кешен келешегін бағалау бойынша тақырыптық жұмыстар жүргізу. 
  • Тақырыптық жұмыстардың 2Д сейсмикалық мәліметтерін талдау мен өңдеу нәтижелеріне қол жеткізу. Ары қарай ГБЖ жүргізуді кеңестерді негіздеу мен дайындау.
  • Соңғы геологиялық- тақырыптық және сейсмикалық мәліметтер нәтижелерін қорытындылау негізінде 2012 жылы барлау ұңғымасы құрылысын жоспарлау.

Әлеументтік міндеттер

Жыл сайын қазақстандық мамандарды жоба қаржыландырылуы аясында 1 000 мың АҚШ доллары көлемінде оқыту.

Жыл сайын жоба қаржыландырылуы аясында әлеуметтік жобаларды 300 мың АҚШ доллары көлемінде іске асыру.