Құрманғазы
Жобаны жүзеге асыру төменде көрсетілген құжаттарға сай жүргізілуде:
- 2005 жылдың 6 маусымында қол қойылған №1787 Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі (Құзыретті орган) мен Теңіз мұнай компаниясы «ҚазМұнайТеңіз» АҚ және «РН – Қазақстан» ЖШҚ (Мердігерлік компания) арасында Өнімді бөлу туралы Келісім (ары қарай ӨБК)
- 2006 жылдың 2 қарашасында жасалынған «ӨБКге өзгерістер енгізу туралы» №1 қосымша;
- «Барлау мерзімінің жұмыс бағдарламасы» (ӨБК, 2 қосымша);
- 2005 жылдың 6 шілдесінде қол қойылған Теңіз мұнай компаниясы «ҚазМұнайТеңіз» АҚ және «РН – Қазақстан» ЖШҚ арасында Каспий теңізінде орналасқан «Құрманғазы құрылымын бірлесіп игеру туралы Келісім (ары қарай-БҚЖ);
Жоба бойынша теңіз мұнай операцияларын «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ 100% қазақстандық еншілес компаниясы болып табылатын Ақтау қаласында (Маңғыстау облысы) тіркелген «Кұрманғазы Петролеум» ЖШС жүзеге асырады.
Жобаны «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ мен «РН – Қазақстан» ЖШҚ Мердігерлік компаниялары 50% көлемде қаржыландыруда.
Жоба бойынша 2005- 2009 жылдар аралығында төменде көрсетілген жұмыстар орындалды:
- Құрылымның орталық бөлігінде орналасқан тереңдігі 2002м. Құрманғазы -1 барлау ұңғымасы құрылысы;
- Жалпы алғанда 2752 қ. км. көлемде 2Д сейсмикалық барлау жұмыстары;
- Ауқымы 1000 қ.км. ЭДНӘ электрбарлау жұмыстарын жүргізу; мәліметтерді талдау және жинақтап қорыту;
- Жалпы алғанда 5700 қ.км ауқымда дәлділігі жоғары гравиметрикалық және магнитометрикалық зерттеулерді 1:100000 масштабта жүргізу ;
- Құрманғазы құрылымының солтүстік бөлігінінің дөңдеу аймағындағы тереңдігі 1600 м. Құрманғазы-2 барлау ұңғымасы құрылысы;
- Геолого-геофизикалық мәліметтер жан-жақты талданып, палеозой және мезозой кешендері бойынша 13 құрылым табылды. Аймақтың геологиялық ресурстары тұрғысынан бағалау жүргізілді.
2010 жылғы жұмыстар сипаттамасы мен 2011-2013 жылдарға арналған жоспарлар
- 2Д сейсмикалық барлау мен геохимиялық жұмыстар қорытындыларын өңдеу мен талдау. Юр кезеңіне дейінгі кешен келешегін бағалау бойынша тақырыптық жұмыстар жүргізу.
- Тақырыптық жұмыстардың 2Д сейсмикалық мәліметтерін талдау мен өңдеу нәтижелеріне қол жеткізу. Ары қарай ГБЖ жүргізуді кеңестерді негіздеу мен дайындау.
- Соңғы геологиялық- тақырыптық және сейсмикалық мәліметтер нәтижелерін қорытындылау негізінде 2012 жылы барлау ұңғымасы құрылысын жоспарлау.
Әлеументтік міндеттер
Жыл сайын қазақстандық мамандарды жоба қаржыландырылуы аясында 1 000 мың АҚШ доллары көлемінде оқыту.
Жыл сайын жоба қаржыландырылуы аясында әлеуметтік жобаларды 300 мың АҚШ доллары көлемінде іске асыру.