2003 жылдың 29 желтоқсанында Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан Аташ жер телімі і бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі (Құзыретті орган) мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (Мердігер) арасында барлау жұмыстарын жүргізуге Келісім-шарт жасалынып, компаниялардың жобадағы үлестері «Лукойл Оверсиз Шельф» мен «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ компанияларына берілді.
2004 жылдың 9 қаңтарында «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ мен «ЛУКОЙЛ Оверсиз Шельф Б. В.» арасында «Компания Аташ» ЖШС құру мен оның әрекет етуі туралы № 15 қатысушылар Келісіміне қол қойылды.
2004 жылдың 11 қаңтарында «Компания Аташ» ЖШС жарғы капиталындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қатысу үлесін Сатып алу туралы келісім шарт пен «Компания Аташ» ЖШС қатысу үлесі бойынша «ЛУКОЙЛ Оверсиз Шельф Б. В.» арасында Сатып алу туралы келісім шарты жасалынды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Компания Аташ» ЖШС құрамындағы үлестік қатысы 50% құрайды.
ҚМТ үлесін қаржыландыру «ЛУКОЙЛ Оверсиз Аташ Б.В.» серіктестігімен жүзеге асырылады.
Барлау мерзімі бойынша есеп беру жұмыстары жүргізіліп, келісім шарт жер телімін барлау мерзімі бітуіне байланысты қайтару үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.
2010 жылы «Аташ» жер телімінде барлау жүргізу мерзімі бітуіне байланысты Келісім шарт әсері аяқталуы күтілуде.
Әлеуметтік міндеттемелер
Жылдың 1 қаңтарына Қазақстандық мамандарды кәсіби деңгейде оқыту мен әлеуметтік жобаларды қаржыландырудың жалпы сомасы 681 мың АҚШ долларын құрады.
2010 жылға арналған әлеуметтік бағдарлама