1999 жылдың 30 маусымында «Қазақойл» ЖАҚ ҰҰК Арал өңірінде орналасқан «А» блогы да қамтылатын № 341 барлау жұмыстарын жүргізуге келісім шарт жасасылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.07.05 жылғы № 693 қаулысына сай «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Арал өңірінде көмірсутегі шикізатын іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізуші болып айқындалды.
Көрсетілген жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджет пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бюджеті қаражаттарынан қамтамасыз етілді.
Көрсетілген жұмыстарды орындау үшін оператор ретінде «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ тағайындалды .