«Құрманғазы» құрылымында жүргізілетін электрлік барлау жұмыстарының қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасы бойынша Коғамдық тыңдау өткізу туралы

14 маусым 2007

«Құрманғазы Петролеум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007 жылы 14 маусымда Ақтау қаласында «Құрманғазы» құрылымында жүргізілетін электрлік барлау жұмыстарының (бұдан әрі — Жұмыстар) қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасы бойынша Коғамдық тыңдау өткізеді.

Аталған шара мемлекеттік экологиялық сараптамадан бұрын міндетті түрде жүргізілетін рәсім болып табылады және жұртшылықтың ақпарат алуына, сондай-ақ жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғауға байланысты мәселелер бойынша шешім қабылдау процесіне қатысуына мүмкіндікті қамтамасыз ету туралы ұлттық және халықаралық

табиғат қорғау заңнамаларының талаптарына сәйкес келеді. Жүргізілетін Жұмыстардың негізгі мақсаты мұнай мен газға перспективасы жоғары учаскелерді айқындау, құрылымның геологиялық нұсқасын нақтылау, соныман қатар Жұмыстардың қорытындыларын «Құрманғазы» құрылымындағы барлау ұңғыларының орнын таңдау үшін пайдалану болып табылады. Жоспарланған Жұмыстардың көлемі — 1000 қума шақырым.

Жұмыстар қазіргі заманғы технология мен жабдықтарды пайдалану, Қазақстан Республикасының экологиялық нормалары мен стандарттарын сақтау арқылы «ешқандай тасталымсыз» принципі бойынша жүргізіледі. Қозғау көздері ретінде қоршаған ортаға жағымсыз әсер етпейтін электрлі-магнитті импульстар шығаратын жабдықтар пайдаланылады. Одан басқа Жұмыстар жүргізілген кезеңде қоршаған ортаның жағдайына экологиялық мониторинг жүзеге асырылады. Теңіз кемелерінің тұрмыстық қалдықтарының бәрі залалсыздандыру үшін жағалаудағы арнайы базаға тапсырылады.

«Құрманғазы» құрылымы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде қазақстандық секторда, Бозашы түбегінен батысқа қарай 120 шақырым қашықтықта орналасқан. Келісім-шарттық аумақтың алаңы 3512 шаршы шақырым. Жұмыс аймағындағы теңіз тереңдігі 5-7 метр. «Құрманғазы» теңіз құрылымын игеру 2005 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Энергетика және минеральды ресурстар министрлігі бір жағынан, екінші жақтан «ҚазМұнайТеңіз» ТеңізМұнай Компаниясы«акционерлік қоғамы мен «РН-Казахстан» жауапкершілігі шектеулі қоғам арасында қол қойылған Өнімді бөлу туралы Келісімге сәйкес жүргізіледі.

Өнімді бөлу туралы Келісім әлеуметтік жобаларды іске асыруға барлау кезеңінде жыл сайын 300 мың доллар, кенорынды жайластыру және мұнай өндіру кезеңінде 500 мың доллардан кем емес мөлшерде қаражат бөлуді қарастырған. Қазақстандық кадрлерді кәсіби оқыту үшін алғашқы 4 жылда жыл сайын 1,5 млн. доллар, одан кейінгі әрбір жылда 1,0 млн. доллар мөлшерінде қаражат жұмсау жоспарланған.

«Құрманғазы» теңіз құрылымын игеру жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылы 16 мамырдағы Жарлығымен бекітілген «Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру туралы Мемлекеттік бағдарламаға» сәйкес іске асырылады.

 

«Құрманғазы Петролеум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 14 маусым 2007 жыл

Құжаттама пакетін алу

Тіркелген тұлға ақпараттың растығына жауап береді.
Атыңыз Тегіңіз немесе мекеме атауы:

Жабдықтаушының толық мекен-жайы

Мемлекет:Қала:
Көше:Үй:
Телефон:E-mail:
Барлық өрістер толтырылуы тиіс
Жою