ҚМТ Директорлар кеңесі Жалғыз акционер шешімімен (2011- жылдың 26- шілдесіндегі ҚМТ жиналысы №106- хаттамасы) төменде көрсетілген құрамда келесі 3 жылға құзыреттілік беріледі.
![]() | Алик Айдарбаев ҚМГ ҰК барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры, 2011 жылғы шілдеден бастап Компания Директорлар кеңесінің Төрағасы болып табылады. Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған, техника ғылымдарының кандидаты. Мұнай-газ саласындағы еңбек өтілі 25 жыл. Бұдан бұрын «Құмкөл-Лукойл» АҚ, «Торғай-Петролеум» АҚ және «Манғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры лауазымын атқарды. Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ құрметті профессоры, ҚР ҰИА корреспондент-мүшесі. Мемлекеттік наградалары бар. |
![]() | Марат Кәрімов ҚМГ ҰК барлау жобалары жөніндегі басшы менеджері. Компанияның Директорлар Кеңесіне 2011 жылғы шілдеде сайланды. Атырау қаласындағы мұнай және газ институтының Мұнай факультетін тәмамдаған. Теңіздегі мұнай-газ жобаларындағы басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. «KMG Kashagan B.V.» ЖШЖК Астана қаласындағы филиалы директорының орынбасары, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ бас директорының бірінші орынбасары болып істеді. |
![]() | Кенжебек Ибрашев 2011 жылғы сәуірден бастап Компанияның Бас директоры (Басқарма төрағасы). И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын бітірген. Мұнай-газ саласында жұмыс тәжірибесі мол, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ вице-президенті, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ бас директоры лауазымын атқарды. Техника ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған. |
![]() | Надир Надиров Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясынң (ҰИА) бірінші вице-президенті, «Мұнай» ғылыми-инженерлік орталығының бас директоры. В.И. Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің аспирантурасын бітірген. ҚР Ұлттық ғылымдар академиясының және Ұлттық инженерлік академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор. ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 2011 жылғы шілдеде Компанияның тәуелсіз директоры ретінде сайланды. |
![]() | Александр Филатов Корпоративтік қатынастар жөніндегі сараптама орталығының басқарушы директоры, МБВБ қор биржасының биржа кеңесінің мүшесі. Г.В. Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтын, Гарвард корпоративтік қаржылар жөніндегі курсын, Йорк университетінің корпоративтік басқару жөніндегі бағдарламасын және Шулих Бизнес мектебін (Канада) бітірген. Консалтинг және қор нарығында жиырма жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. 2011 жылғы шілдеде Компанияның тәуелсіз директоры ретінде сайланды. |