Қоршаған ортаны, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік

«ҚазМұнайТеңіз» МТК АҚ-ның (бұдан әрі — «Қоғам») мақсаты — Каспий және Арал теңіздерінің теңіз және жағалауға жақын аймақтарындағы кен орындарын барлау, бағалау және игеру жобаларын басқару саласында жетекші компания болу.

Қоғамның қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік саласындағы саясаты — Қоғамның жалпы саясаты мен стратегиясының ең маңызды құрамдауышы.

Қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік саласындағы саясатының мақсаттарына қол жеткізу мынадай қағидаттарды орындаумен қамтамасыз етіледі:

1. Қоршаған ортаға, қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне зиян келтіру тәуекелдерін барынша азайту.

2. Қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік саласында қолданылатын ұлттық заңнамалар мен халықаралық құқық пен ISO 14001 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттарын қатаң түрде сақтау.

3. Қоғам қызметкерлерін еңбекті қорғау мен қауіпсіздік мәселелері бойынша өздерінің жетіктілігі мен хабардарлығын көтеруге және қоршаған орта мен адамдарға қатысты өз жұмыстарын ұқыпты да ұтымды атқаруға ынталандыру.

4. Қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті басқару жүйесінің нәтижелілігін ұдайы жақсартып отыру және көтеру.

5. Мұнай-газ жобаларын басқарудың шетелдік және отандық алдыңғы қатарлы тәжірибелерін зерттеу және қолдану.

6. Мердігерлерден Қоғамның қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік саласындағы стандарттар мен нормаларды сақтауды талап ету. Осы талаптардың орындалуына кейін мониторинг жүргізу.

Осы саясат:

  • Заңнамадағы ережелердегі, бизнес ортадағы және Қоғам қызметіндегі өзгерістерге байланысты ұдайы талдау жасау және қайта қарау тақырыбы;
  • Қоғам және оның еншілес ұйымдары мен тәуелді қоғамдары үшін ортақ;
  • мүдделі тараптар үшін түсінікті болып табылады.

Қоғам басшылары өзіне қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздікті басқару жүйесіне талдау жасай отырып қажетті ресурстармен және ережелермен қамтамасыз етуге міндеттеме алады.