Серіктестік корпоративтік басқаруды Серіктестік қызметінің тиімділігін арттыру, оның беделін нығайту және оның капитал тартуға арналған шығындарын төмендету құралы ретінде қарастырады. Серіктестік корпоративтік басқарудың тиісті жүйесін Қазақстан Республикасында заң үстемдігін қамтамасыз етуге өз үлесі және оның заманауи экономика мен жалпы қоғамдағы орнын белгілейтін фактор ретінде қарастырады.
Серіктестіктің корпоративтік басқаруы әділдік, адалдық, жауапкершілік, ашықтық, кәсіпқойлық және біліктілік негіздерінде құрылады. Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы Серіктестік қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді көздейді және Серіктестіктің табысты қызметіне, соның ішінде оның құндылығының артуына, қаржылық тұрақтылық пен пайдалылықты қолдауға ықпал етеді.
Корпоративтік басқарудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: