Компания туралы

«ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Қоғам) «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ-мы президентінің 2003 жылғы 14 наурыздағы №80 бұйрығымен құрылды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100%-дық еншілес компаниясы болып табылады.

«ҚазМұнайТеңіз» — теңізде және жағалауға жақын аумақтарда (Каспий және  Арал теңіздерінің) мұнай жобаларын тиімді басқару жолымен мұнай операцияларын жүзеге асыратын компания болып табылады.
Қоғам қызметінің негізгі мақсаты теңіз жобаларындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардағы мердігерлік функцияны орындау, сондай-ақ республиканың мұнай-газ ресурстарын тиімді және ұтымды игеру, мұнай мен газ ресурстарын ұдайы өндіру және бұдан әрі арттыру  жөніндегі функцияларды іске асыру болып табылады.

Қоғамды дамыту перспективасы халықаралық рыноктарда бәсекелестікті  көтеруге бағытталған және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мы компаниясы топтарының өсуінің ұзақмарзімдік стратегиясын белгілейді.